Оларды «жұлдыздар» деп атайды. «Жұлдыздар» шенеуніктерге мадақ айтып, қарапайым жұртқа кім үшін дауыс беру керектігін көрсетіп үгіттейді. Олардың түрлі үндеулерге қойған қолдары – «ләппайшыл» зиялы қауымның қазіргі жағдайының көрсеткіші.
Бибігүл Төлегенова cталиндік қуғын-сүргін салдарынан әкесінен ерте айырылған. Әнші 1937 жылы әкесін тұтқындаған кезде отбасының Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағайда тұрғанын жазады естеліктерінде.
«Бейтаныс адамдармен бірге кетіп бара жатқан әкем: «Барлығы жақсы болады», – деді. Ол бұл жағдайдың түсінбеушілік екендігіне, барлығының жақсы болатындығына уәде берді. Бірақ мен ненің жақсы болатындығын түсінбедім. Әкем кетіп қалды, бұдан соң біз оны көрген жоқпыз» деп жазады Бибігүл Төлегенова.