Мейрімділікке эссе жазу

0 голосов
53 просмотров

Мейрімділікке эссе жазу


Қазақ тiлi (12 баллов) | 53 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботаснан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. Сонымен мейірімділік деген не? Мысалы: «Мейірім» әңгімесінде Қайсар ағай жымиып қойып, былай деді: - сол баланың қайырымдылығы, жанашырлығы, мейірімділігі есіме түскенде әлі де іштей елжіреп, тәрбиелі баланың өнегелі ісіне риза боламын. Сағынған жиендеріме барып, түннің бір уағына дейін әңгімелесіп, кеш жаттық. Таңға жақын тысырдан оянып кеттім, қарасам, әлгі үйдің 8-сынып оқитын Азамат деген жиеншарым көрпемді қымтап жауып жатыр екен, сірә үстім ашылып, тоңазып қалсам керек.Әй, содан кейін рахаттанып ұйықтадым –ау. Былай қарасақ, елеусіз ғана нәрсе сияқты, бірақ осының өзі адамның жүрегіне жылы тиіп, мейірімін оятады емес пе?- дейді Қайсар ағай.

(114 баллов)