1.«Қазақстан – егеменді ел» атты мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ...

0 голосов
127 просмотров

1.«Қазақстан – егеменді ел» атты мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
№1 Қазақстан - егеменді ел.
Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы. Ол Еуразия құрлығының орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз, дербес мемлекет. Халқының саны – 16 млн. Астанасы –Астана қаласы. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды барлық әлем таныды. Біздің еліміз бірқатар аса белді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентін сайлады.
1992 жылы 4- маусымда Мемлекеттік рәміздер: ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН қабылданды. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Бұнда асқар биік таулар, өзен-көлдер мен шөл-шөлейт жерлер бар. Сонымен қатар, кең- байтақ жеріміз пайдалы қазбалар мен жан –жануарларға да толы. Қазақ халқы өзінің қалалары және атақты адамдарымен де мақтана алады.


Қазақ тiлi (59 баллов) | 127 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1 Нешінші жылы Т Əубакіров ғарышқа ұшты?
2 Мемлекеттік рəміздерді ата.
3 Отан деген сөзді қалай түсінесің?

(14 баллов)