Помогите пожалуйста написать сочинение ** тему зима по казахскому языку

0 голосов
49 просмотров

Помогите пожалуйста написать сочинение на тему зима по казахскому языку


Қазақ тiлi (22 баллов) | 49 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қыс шығарма

Барлығымыздың сүйікті жыл мезгіліміз қыс келді. Шана, шаңғы тебу, аққала жасау, қардан қорғандар тұрғызу, қармен атысып ойнау - бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады?

Қыс - ең тамаша жыл мезгілі. Аяғымыздың асты сықырлаған қарға толы. Ағаштар аппақ тон киген. Барлығы жарқырап, күн сәулесі түскенде ерекше шағылысып, әдемі көрінеді. Аязды күндері күн күлімдегенімен, бойыңды жылыта алмайды.

Ал қысқа орман қандай тамаша! Шыршалар ұзын тон киген, қайыңдар күмістен шапан жамылған, тіпті томарлар да қалпақ киген. Ормандағы аппақ қардан орман жануарларының ізін көруге болады. Міне, қоян жүгіріп өтіп, мына ағаштың түбінде аялдаған да, әрі қарай жүгірген. Оның артына түлкі түскен сияқты.

(18 баллов)