Жақсыдан үйрен, ал жақсы деген не? Жақсы дегеніміз жақсы мінез, үлгілі іс -әркет, әдептілік, сабырлылық. Осы қасиеттердің бәрі менің досымда бар. Мен оған ұқсауға тырысамын. Ол өте жақсы оқиды, спортпен шұғылданады, ата-анасына көмектеседі. Әрқашан кімге болсада көмектесуге дайын тұрады. Ал, көршімізде бір ағай бар, оны барлық таныстары ұнатпайды. Ол дөрекі сөйлейді. Үлкенді де кішіні де силамайды. Отбасында айқай-шу шығарады. Бізге ата-анамыз жақсыдан үйрен, мынандай жаманнан жирен деп отырады.