Жансая Әбдімәлік (12 қаңтар, 2000, Алматы) — қазақ шахматшы қызы, он төрт жасында гроссмейстер атанған
2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша орындар реті - вьетнам қызында 46.5, Әбдімәлікте - 43.5, ал Челсиде - 42.5.) Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.