Көмектесесіңдерме?
1. Кірме сөзді табыңыз.
A) Күрделі.
B) Телеграф.
C) Жал-құйрық.
D) Домбыра.
E) Жазушы.
2. Үлгіге сәйкес тұрақты тіркес мағыналарын ажыратыңыз
Аузына қақпақ болу = аузын аштыртпау = аузына құм құю
A) Көзді ашып-жұмғанша = көзін ала бере = көз байлана.
B) Аяғына бас ұру = аяғына жығылу = аяғы аспаннан келу.
C) Аузына қарату = аузын алу = аузын майлау.
D) Бәйек болу = құрақ ұшу = құрдай жорғалау.
E) Көзге ілмеу = көзінен таса қылмау = көзін алмау.
3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді табыңыз.
A) Бәтеңке, мәжбүр.
B) Шәкірт, әжуалау.
C) Ләззат, күмән.
D) Әбігер, тәкаппар.
E) Рәсуа, бәйбіше.
4. Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Әдеп, әлек, әлсіз.
B) Ол, ел, ез.
C) Жану, бағу, қақты.
D) Өлең, сөз, күй.
E) Төбе, тау, шатқал.
5. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын -нікі қосымшасы жалғануы тиіс сөзді көрсетіңіз.
A) Сауық-сайран.
B) Ата-ана.
C) Клуб.
D) Өнерпаз.
E) Қонақжай.
6. Туынды сөзді анықтаңыз.
A) Екті.
B) Егін.
C) Егіп.
D) Екпек.
E) Еккен.
7. Қайталанып жасалған бейнелеуіш сөзді табыңыз.
A) Кілт тоқтады.
B) Арс-арс етті.
C) Тарс-тұрс етті.
D) Қайқаң етті.
E) Бүгжең-бүгжең жүрді.
8. Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгісі
A) Бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін білдіреді.
B) Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді.
C) Атау мен іліктен басқа септіктерде тұрып затты нұсқайды.
D) Етістіктен болған баяндауышты мекен жағынан айқындайды.
E) Заттық ұғымда жұмсалған мүшелерді сапалық жағынан сипаттайды.
9. Зат есімді синонимдік қатарды табыңыз.
A) Шаһар, ауыл.
B) Келу, кету, оралу.
C) Қазір, ертең.
D) Қайғыру, ызалану.
E) Қалжың, әзіл.
10. Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жаз.
B) Дәурен.
C) Аспаз.
D) Көрікпай.
E) Келе көр.