2-билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құ растырыңыз. ...

0 голосов
202 просмотров

2-билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құ растырыңыз.
Отбасы бақытының негізгі кілті – сыйластықта. Сыйластық болған отбасында береке де, бірлік те болады. Сыйластық тек отбасында ғана емес, адамдар арасында да, достар арасында да өте маңызды. Барлық адамдардың ойын, пікірін, іс-әрекетін түсінуге тырысу керек. Басқа адамдарды түсінуге тырысу – сыйластық кілті.
2. Ө.Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген жылы сөз» өлеңін жатқа айтыңыз.
3. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз: халқымыз


Другие предметы (60 баллов) | 202 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1. Тақырыбы: Сыйластық
Сұрақтар: Отбасы бақытының негізгі кілті неде?
Сыйластық қаншалықты маңызды?
Сыйластық кілті дегеніміз не?
2. Сіз", "біз" деген - жылы сөз,
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық
Тілесе әркез жаны ашып,
Осы бір шырын - тәттілік
Тұрмай ма жанға жарасып?! 
3. Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. 
Халқымыз- 3 дауысты, 5 дауыссыз, 3 буын.
х- д/сыз, қатаң
а- д/ты, жуан, езулік, ашық
л- д/сыз, үнді
қ- д/сыз, қатаң
ы- д/ты, жуан, езулік, қысаң
м- д/сыз, үнді
ы- д/ты, жуан, езулік, қысаң
з- д/сыз, ұяң



(3.1k баллов)