Уақыт өткен сайын нағыз тұлғалардың ел алдындағы мəртебесі де биіктей түспекші. Сол арқылы игі жақсылардың еңбегі ұрпақ санасында қайта жаңғырады, уақыт өлшемі осылайша «кімнің кім екендігін» таразылап береді. Өткеніне құрметпен қарайтын ұрпақ қана өмірден өткен игі жақсылары мен жайсаңдарына лайықты қошемет көрсете алады. Əрине, ол үшін əуелі тектілерімізді түгендеп алу, олардың елге сіңірген еңбегін саралау мəселесі алдан шығатыны белгілі.