Сақтар туралы мəліметтер

0 голосов
150 просмотров

Сақтар туралы мəліметтер


Қазақ тiлi (19 баллов) | 150 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов
Правильный ответ

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияныжәне Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстанаумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт(Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. 

(65 баллов)
0 голосов

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттерисседондараландаркаспийлерсарматтардантұрған.[1]Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа құюмен айналысты. Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сəндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі жақсы дамыған. Түрлі түсті сердолик, халцедон, агат, ақық сияқты тастардан сақ шеберлері əшекей бұйымдарды жасаған. Асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен белдіктер əзірледі. Ұсталар тастан, саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып, қазандарды құйды, қару-жарақ соқты. Атты əскерлерге қажетті семсерлер мен найзалар, қанжар, жебе ұштарын дайындады.

(71 баллов)