Бұдбұл кұсы туралы біраз мәлімет берсеңіздер?

0 голосов
274 просмотров

Бұдбұл кұсы туралы біраз мәлімет берсеңіздер?


Қазақ тiлi (52 баллов) | 274 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Бұлбұлдар (лат. Luscinia) — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қараталөзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертісөзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады.

(217 баллов)