Қазақ тілінен бақылау жұмысы
Мақсаты: лексика бойынша алған білімдерін тексеру, сауаттылықтарын бақылау.
Жайлау
Жайлау-қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ел болмайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны алсын дейді. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Қыста әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккеннен соң-ақ тойынып секіреді.Мал ғана емес, адамдар да серігіп, жиын-той өткізіп, аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік жинайды.
Грамматикалық тапсырма