Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі.
Ертеде хайуанаттар жыл басына таласыпты. Егер күннің таңғы шапағын кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын-деп келіседі. Күннің шыққанын күтіп, бәрі бір жерге жиналады. Түйе менің бойым бәріңнен ұзын , күнді бірінші мен көремін депті. Мұны естіген тышқан түйенің құлағына шығып алыпты да, күнді бәрінен бүрын көріп, жыл басы атаныпты. Түйе бойына сеніп, жыл қайырудан құр қалыпты.