Өз білімімізді көрсете білейік. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді. Сынып екі топқа бөлініп өз білімдерін сынап көреді. Алдымен, топтардың атын белгілейік. Ол үшін үш топтан бір оқушыдан шығып, үстелдегі қағаздарды алады. Онда топтардың атаулары жазылған. «Достық», «Сәттілік», «Бірлік». Психологиялық дайындық: шаттық шеңберіне тұрып, өлең сөздерімен бір-біріне жақсы тілектер айту.
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн, құрбым!
Әр күнін сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаң, кілең бестік болсын!
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу
Тілдесім. Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. «Доссыз өмір – тұзсыз ас» - деп халық бекер айтпаған. Адам жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Дос алдамау керек. Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек. Достар ұрыспау керек. Достар тату болу керек