1. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын...

0 голосов
131 просмотров

1. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын көрсетіңіз.
A) “Кел, балалар, оқылық!”
B) ’’Бес нәрседен қашық бол’’
C) ’’Арман’’
D) ’’Үміт еткен көзімнің нұры, балам’’
E) ’’Сегіз аяқ’’.
2. Семейдегі Абай оқыған медресені табыңыз.
A) “Уазифа”
B) “Медресе-Ғалия”
C) “Қасым қажының медресесі”
D) “Ахун-Рахманкул медресесі”
E) “Ахмет-Риза”
3. Ақжігіт деген есімнің кімге қойылғанын табыңыз.
A) Ақан сері
B) Үкілі Ыбырай
C) Жаяу Мұса
D) С.Сейфуллин
E) Балуан Шолақ
4. "Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.
A) С. Сейфуллин
B) І. Жансүгіров
C) А. Жұмағалиев
D) Б. Бұлқышев
E) Қ. Аманжолов
5. Жүз жыл жырлаған жүректің иесін белгілеңіз.
A) Сәбит Мұқанов
B) Сәкен Сейфуллин
C) Жамбыл Жабаев
D) Ілияс Жансүгіров
E) Бейімбет Майлин
6. Абай сомдаған Ескендір бейнесінің ерекшелігін көрсетіңіз.
A) Тарихи шындықты суреттеді.
B) Ескендірді мадақтады.
C) Азат етуші ретінде таныды.
D) Жауыздық, тойымсыздық қасиетін сынады.
E) Адамгершілік мінезін ардақтады.
7. С.Сейфуллиннің пьесасын белгілеңіз.
A) «Амангелді»
B) «Қызыл сұңқарлар»
C) «Құдалар келді»
D) «Шернияз»
E) «Қуырдақ»
8. Әкесі он үш жасында ұсталып кетіп, ол туралы өлең жазған қаламгерді табыңыз.
A) Т.Рысқұлов
B) М.Дулатов
C) С.Дөнентаев
D) А.Байтұрсынов
E) Б.Майлин
9. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының басылып шыққан жылын табыңыз.
A) 1932ж.
B) 1929ж.
C) 1925ж.
D) 1926ж.
E) 1920ж.
10. «Қараш-Қараш оқиғасы» қай жанрға жататынын көрсетіңіз.
A) Роман
B) Әңгіме
C) Пьеса
D) Повесть
E) Поэма
11. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген ауыз әдебиеті үлгісіндегі аңыз-әңгімесін белгілеңіз.
A) «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»
B) «Бақша ағаштары»
C) «Қыпшақ Сейітқұл»
D) «Әке мен бала»
E) «Лұқпан хакім»
12. Абайдың қара сөздерінің санын табыңыз.
A) 55
B) 25
C) 37
D) 35
E) 45
13 . Атақты сәйгүлік Құлагердің иесін табыңыз.
A) А.Қорамсаұлы
B) Жаяу Мұса
C) А.Құнанбаев
D) Қобыланды батыр
E) І.Жансүгіров
14. Жамбыл Жабаевтың дүниеге келген, дүниеден өткен жылдарын көрсетіңіз.
A) 1847-1944
B) 1846-1945
C) 1844-1942
D) 1845-1946
E) 1843-1943
15. Ғ.Мұстафиннің ’’Қарағанды’’ романының тақырыбы қандай екенін белгілеңіз.
A) Махаббат тақырыбы
B) Ұжымдастыру тақырыбы
C) Төңкеріс тақырыбы
D) Достық тақырыбы
E) Өндіріс тақырыбы
16. О.Сүлейменовтің туған жерін көрсетіңіз.
A) Талдықорған
B) Шымкент
C) Қызылорда
D) Алматы
E) Павлодар
17. ’’Күлтегін’’ жырының негізгі тақырыбын анықтаңыз.
A) Махаббат
B) Достық
C) Ерлік, ел қорғау
D) Діни
E) Мемуарлық
18. ’’Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?’’ Өлеңнің авторы кім екенін анықтаңыз.
A) И.Байзақов
B) Ә.Тәжібаев
C) С.Мәуленов
D) М.Мақатаев
E) Қ.Аманжолов
19. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясын көрсетіңіз.
A) Қасқырларды аяусыз қыру қажет.
B) Қасқыр - адамның жауы.
C) Адамдар қасқырдан өткен жауыз.
D) Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет.
E) Табиғат адамға тәуелді болу керек.
20. А. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласының қайда жарияланғандығын табыңыз.
A) «Жаңа мектеп»
B) «Қазақ» газеті
C) Майдан журналы
D) Тургайская газета
E) «Әдебиет майданы»
21. ’’Біржан-Сара’’ айтысындағы Сараның әкесінің атын табыңыз.
A) Тастанбек
B) Найзабек
C) Тұрысбек
D) Бостанбек
E) Есімбек

22. С. Торайғыров поэмасын табыңыз.
A) «Осы да әділдік пе?»
B) «Қамар сұлу»
C) «Құралай сұлу»
D) «Кедей»
E) «Бір ханда екі ұл болыпты».

23. Aбайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз.
A) Он бесінші
B) Отыз жетінші
C) Он тоғызыншы
D) Үшінші
E) Бесінші

24. Жамбылдың шәкіртін белгілеңіз.
A) Кенен
B) Қаблиса
C) Балпық
D) Айкүміс
E) Нұрила

25. М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы баланың атын табыңыз.
A) Жұмаш
B) Асан
C) Қасен
D) Құрмаш
E) Бейсенбай



Қазақ тiлi (24 баллов) | 131 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

1 д
2 е
3 а
4 д
5 с
6 д
7 в
8 а
9 д
10 а
11 е
12 е
13 а
14 в
15 е
16 д
17 с
18 е
19 д
20 в
21 а
22 в
23 в
24 а
25 д

(44 баллов)