Еліктеу сөз мағыналық түрлері

0 голосов
331 просмотров

Еліктеу сөз мағыналық түрлері


Қазақ тiлi (12 баллов) | 331 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.

(122 баллов)
0 голосов

Еліктеу сөздер -айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы: сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті.

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер, бейнелеуіштер.

Еліктеуіш сөздер-табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер.

Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-жымың етеді.

Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер.

Мысалы:маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.

(8.6k баллов)