Адам мақсатына өзін өзі жетілдіру арқылы жетеді. Өзін-өзі жетілдіру үшін білім керек. Білімді болу - белгісіз нәрсені, жаңалық ашуға қабілетті болу деген ұғым. Білім қуған жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет. Шын білім - әрдайым ақиқат. Қандай ғылым болса да, ол адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды ұғыну арқылы ұялайды. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл - ойы - айқын, ерік - жігері - зор, тілек - мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет ету жолында болуы шарт.
Переведите пожалуйста!