Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды.Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек.Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.Тұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.
Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады.