Дастарқанға отырып,тамақ ішердің алдында міндетті түрде қолымызды сабындап жуымыз керек.Жалпы,ас үйге лас қолмен кіруге болмайды.Тамақты сол қолмен емес,оң қолмен жеген дұрыс.Тісіңе қалдық тұрып қалса,оны арнайы таяқшамен дастарқанның үстінде тазалау әдепсіздікке жатады.Үлкендер әңгіме-дүкен құрып отса, олардың сөзін бөлмеу керек.Алдыңа қойылған тамақты иіскелеу де әдептілікке жатпайды.Тиісінше,тамақ ішіп болған соң рахмет айту жөн.