Қазақ халқында табалдырық –қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шекарасы, байлық пен кедейліктің де шекарасы. Табалдырық – бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған. Табалдырық – ақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен «Бісмілла!» – деп кіргізеді