Хлорофилл (гр. chloros — жасыл және гр.phyllon — жапырақ) — Күн сәулесінің қуатымен фотосинтез процесін іске асыратын өсімдіктердің жасыл пигменті. Хлорофиллдің бірнеше типі (Х. a, b, c, d) бар. Хлорофиллдің бұл типтері бактериялар, балдырлар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында кездеседі. Фотосинтездеуші бактериялардың барлығына бактериохлорофилл пигменті тән. Химиялық құрылымы жағынан барлық хлорофиллдер пирролдың магнийлі тұздары болып табылады. Олардың молекулаларында төрт пиррол сақиналары өзара метилдік көпіршелері арқылы байланысып, порфирин ядросын құрайды. Пиррол сақиналарындағы азотатомдары төрт үйлестіргіш байланыс арқылы тұтасады. Порфириндік құрылымға бесінші болып циклопентансақинасы жалғасқан. Тетрапиррол және циклопентан сақиналарынан құралған — хлорофилл молекуласының негізгі бөлігі форбин деп аталады. 4-пиррол сақинасының жанама тізбегіндегі пропионқышқылы күрделі эфирлі байланыс арқылы фитол спиртімен (С20Н39ОН) жалғасқан. Хлорофилл молекуласындағы тетрапирролдық циклдің сырт жағындағы көміртек атомдары 1 — 10 сандарымен белгіленеді. Сол атомдардың 1, 3, 5 және 8-дерінде метил топтары, екіншісіне — винил, төртіншісіне — этил топтары жалғасқан. Хлорофилл молекуласындағы магний атомы оның біраз маңызды физикалық-химиялық қасиеттерін анықтайды. Магнийдің тетрапирролдық құрылымға енуі хлорофиллдің спектрлік қасиеттерін біраз өзгертеді. Магнийдің әсері пиррол сақиналарындағы азот