1) Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі ақын.Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан.
2) 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында (бұрын Семей облысы болған) дүниеге келген және де 1874 жылы сол жерде дүниеден өтті.
3)Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспенбет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды.
4) «Еспенбет» поэмасы - ақынның ең атақты поэмасы.Елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі Отанды қорғауға арналған бұл толғаудың патриоттық мәні зор. Бұл дастанында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады.
5) Ақынның өлеңдері - өзі сияқты өршіл, патриотизмге толы,тік жазылған өлеңдер.Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының белең алған кезінде Дулаттың өлеңдері халыққа рух пен жігер берген еді.