Составить диалог ** казахском языке ** тему: "Кемже бала-шаңырақ іесі". По 6 реплик, не...

0 голосов
214 просмотров

Составить диалог на казахском языке на тему: "Кемже бала-шаңырақ іесі". По 6 реплик, не считая приветствия.


Қазақ тiлi (3.7k баллов) | 214 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Сара: – Сәлем,Асыланбек.Қал-жағдайың қалай?
Асыланбек: – Сәлем,Сара.Жаман емес,өзіңде ше?
С: – Жақсы.Үй іші қалай?Олармен көріспегелі көп болды.
А: – Бәрі аман-есен.Олар да сені сағынып жүр.
С:– Сәті түскенде барып қайтармын.
А: – Сара,бір сұрақ қойсам бола ма?
С: – Әрине.Бірақ,сабаққа қатысты болса...
А: – Жоға,мүлде ол туралы емес.Менің екі ағамның да өз отбасылары бар және олар ата-анамыздан бөлек тұрады.Әпкем жақында тұрмысқа шығады.Ең кішісі менің де өз шаңырағымды құруым керек... Сонда анам мен әкемнің қасында кім қалмақ?Біз оларды жалғыз тастап кепеуіміз керек қой...
С: – Әрине,сен қара шаңырақта қаласың.Өйткені,сен отбасыларыңдағы кенжесісің.
А: – Неге кенжесі қалуы керек?
С: – Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі.Ал,қара шаңырақ деген ата-анаң құрған шаңырақ. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.Осыны есіңде ұста.
А: – Түсіндім.Қара шаңыраққа ие болудан қашқаным емес...Жәй ғана мені мен де ағаларым секілді бөлек кетсем,ата-анамның қасында кім қалмақ деген ойлар мазалаған еді.Жауабың үшін көп рахмет!
С: – Оқасы жоқ.Сендей ұлдары бар көкем мен анам қандай бақытты.Осы бетіңнен тайма,Асыланбек!
А: – Әрине!Келесі кездескенше!
С: – Сау бол!

(17.0k баллов)