Мен өз атамды үлгі тұтамын. Ол өте балажан, бәрімізге мейріммен қарайды. Бізге әрдайым қарапайым болыңдар, өзімшіл болмаңдар,-деп үйретеді. Қандай істі бастасаңдар да, оны жауапкершілікпен сапалы орындаңдар,- дейді. Қажет жағдайда атам өте қатал да болады. Біздерге көп талап қояды. Жақсы әрекеттерімізді қолдайды. Бізді жақсы түсінеді.