Ата-бабаларымыз ерте заманнан-ақ ауылдың жай-күйі мен қадір-қасиетіне ерекше ден қойып, тіпті оны қазақи ұғым түсініктермен де байланыстыра отырған.
Ауыл –әрбір қазаққа етене жақын.Мейлі ол қалалық болсын, тіпті басқа елде жүрсін, әйтеуір ауылға деген ыстық сезім, сағыныш қазақ баласының бойынан табылары айдан анық.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2003-2005 жылдарды қатарынан «Ауыл жылы» деп жариялап, қазақ ауылдарының өсіп өркендеуіне, кең етек жаюына үлкен қамқорлығын көрсетіп, ерекше зер салған болатын.