Помогите с переводом на русский язык. Қазақ халқында табалдырық - қасиетті ұғым. Ол - үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық - бақыт жақсылықтың қарауылы. "Табалдырықты баспа, бақыт қашады", "Табалдырықта тұрма, үйге келетің жақсылықты қайтарма", "Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама" деген тыйым сөздер жай айтылмаған. Табалдырық - бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен "Бісмілла!" - деп кіргізеді.