Еркін жазғы демалысында жайлауда тұрған туысқандарында қонақта болды. Олар тау етегінде тұрады екен. Тұрған жерлерінің табиғаты өте тамаша. Жер көк майса шөптен көрінбейді. Малды алысқа жайып әуре болмайды. Себебі көк үй айналасында да жеткілікті. Апай сиыр сауғанда, Еркін қозы, лақпен ойнады.