Мен бұрын киіз үй немесе қараша үй дегенді көрмеп едім. Биыл жазда досымның атасына қонаққа барғанда көрдім. Киіз жазда рахат екен. Тіпті түнде өте салқын болады. Олардың тұрған жерін кілем төсеп тастаған ба деп таң қаласың, түк жер көрінбейді, тегіс көк шөп. Әжесі есік алдында сиыр сауып, бізге жаңа сауылған сүттен берді. Біз мал төлдерімен ойнадық, қозы, лақ дегендей.