1. Антонимдік қатар.
A) Биік-биігірек.
B) Ащы-аласа.
C) Жұқа-арық.
D) Төмен-аласа.
E) Жоғары-төмен.
2. Мезгілді білдіретін антонимдік қатар.
A) Аспан-жер.
B) Киім-кешек.
C) Ерте-кеш.
D) Қазан-ошақ.
E) Орман-тоғай.
3. Ұяң дауыссыздан басталған қосымша.
A) Мектептің.
B) Қаланы.
C) Оқушы.
D) Қағаздар.
E) Сыныпқа.
4. Жұрнақсыз сөз.
A) Сарылау, көгілдір.
B) Құстай, жақсырақ.
C) Сары, сегіз.
D) Біреу, оныншы.
E) Білімді, қызықты.
5. Ілік септігіндегі есімдік.
A) Бізге.
B) Ешкімнің.
C) Маған.
D) Әлдекімді.
E) Өзіме.
6. Қатыстық сын есім.
A) Қызыл.
B) Жақсы.
C) Таулы.
D) Сары.
E) Жасыл.
7. Заттың, құбылыстың, мезгілдің аты ғана аталып көрсетілетін жай сөйлемнің түрі.
A) Жақсыз сөйлем.
B) Жалаң сөйлем.
C) Жақты сөйлем.
D) Толымды сөйлем.
E) Атаулы сөйлем.
8. Тұрлаулы сөйлем мүшелері.
A) Бастауыш, анықтауыш.
B) Баяндауыш, анықтауыш.
C) Бастауыш, баяндауыш.
D) Толықтауыш, пысықтауыш.
E) Пысықтауыш, толықтауыш.
9. «Мақтау» сөзінің синонимі.
A) Төбеге көтеру.
B) Сөзге келу.
C) Тіс жармау.
D) Тілге келмеу.
E) Сөз байласу.
10. Дұрыс жазылған сөздер қатары.
A) Халқы, орны.
B) Екіеу, екі.
C) Алтыау, алты.
D) Халықы, бақыты.
E) Жетіеу, жеті.
11. Сөйлемдегі дыбыс және әріп саны сәйкес келмейтін сөздер.
Сен мына оюыңды сатасың ба?
A) Сен.
B) Ба.
C) Мына.
D) Сатасың.
E) Оюыңды.
12. Сұраулық демеулік.
A) Көрме ашылды(ма).
B) Жақсы жарна(ма).
C) Ешкімді алда(ма).
D) Далаға бар(ма).
E) Облыстық басқар(ма).
13. «Оқыс» сөзінің етіс түрі.
A) Ортақ.
B) Ырықсыз.
C) Өзгелік.
D) Өздік.
E) Күрделі.
14. Фразеологиялық тіркестің синонимі.
Екі езуі екі құлағына жету.
A) Тыңдау.
B) Ашулану.
C) Қуану.
D) Достасу.
E) Ренжу.
15. Туынды зат есім жасайтын жұрнақ.
A) -лар, -лер, - дар, -дер.
B) -шық, -гіш, -гер.
C) -ның, -нің, -дың, -дің.
D) -мын, -мін, -пын, -пін.
E) -ға, -ге, -қа, -ке.
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:
- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.
16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқаA) Қыз есейіп, бойжеткен атанады.B) Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.C) Ал кітап оқысаң, білімің артады.D) - Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар.E) - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.17. Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал-мәтелA) Еңбегіне қарай өнбегі.B) Еңбек еткен – емерсің,Ерінбесең – жеңерсің.C) Еңбек ет те міндет ет.D) Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.E) Жалқаулық – жаман ауру.18. Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы»A) Жарық бөлме, жабық бөлме.B) Әсем үй, жабық бөлме.C) Ұршық, кітап.D) Ата-ана, ас.E) Бау-бақша, байлық.19. Мәтінде кездесетін адамның жас атауыA) БалаB) БозбалаC) ҚызD) БойжеткенE) Сәби20. Негізгі ой айтылған сөйлемдіA) Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен.B) Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың.C) Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық, кітапты көреді.D) Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын.E) Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.