Сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз. Əлемде алуан-алуан құстар бар. Солардың біразын су құстары дейді. Себебі олар көбінесе суда өмір сүреді. Су құстары: қаз, үйрек, шағала, тағы басқалары. Олар суға батпайды. Олардың жүні, қауырсыны майлы болады. Сондықтан оларға су жұқпайды.