Құстың балапаны қалай өседі

0 голосов
340 просмотров

Құстың балапаны қалай өседі


Қазақ тiлi (17 баллов) | 340 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Құстың балапаны қалай өседі?

Балапан — орнитологияда құс  баласының атауы. Басқа жануарлардың балаларынан балапан өзінің ырыққа денесімен, салыстырмалы үлкен басымен, ірі тұмсығымен және үлкен көздерімен ерекшеленеді.

Көптеген балапандар,түрлерге немесе түр тармақтарына байланысты,жұмыртқада пайда болатын түрлі түсті жамылғыға ие.Тұмсықтағы арнайы нүктенің көмегімен балапан қабықты сындырады.Өмірдің алғашқы күндерінде балапандар жұмыртқаның қоректік заттарының арқасында қаныққандықтан, ештеңе жемейді.Туған кезде балапандардың мамықтары жұқа кератинмен жабылған, ол балапан құрғаған кезде жарылып кетеді.Осының арқасында балапан өзіне тән сыртқы бейнеге ие болады, бірақ ол ұзаққа созылмайды.

Балапандарда, әдетте, туа біткен инстинк – бұл ата-аналардың тұмсығынан тамақ қабылдау болып табылады.

Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі түрлі құстарда түрліше болады. Осыған сәйкес ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапан шығарушы құстардың балапаны — жұмыртқадан шыққанда көзі ашык, денесі мамықпен жабылған,өзі жүріп жемді шоқи бастайды.Әлсіз, қызылшақа балапан шығарушылардың балапандары — жалаңаш,кейде аздап та болса қауырсыны болады,көпшілігінің көзі жұмулы, әлсіз болады. Ата-аналары ғана қоректендіреді.

(17.0k баллов)