Атамыз қазақ доссыз өмірді тұзсыз асқа теңеген, себебі әр адамның арқа сүйейтін адамы, қызығын бірге қуаныштап, қайғыға ортақтасатын досы болған абзал.
Менің ең жақын досымның есімі - Айжан. Біз бірінші сыныптан бері дос болып келеміз. Әрқашанда қол ұшын беруге дайын тұратын досымды мақтан тұтамын. Екеуміз қызықты да, қиыншылықты бірге бөлісеміз. Айжан екеуіміз сабаққа бірге дайындаламыз. Бір - біріміздің білмеген тұстарымызды үйретіп отырамыз. Екеуіміздің ата - аналарымыз да қазір танысып, сыйласып кетті. Достар осындай болу керек деп ойлаймын.
Достығымыз ары қарай жалғасын тауып, мәңгілік болсын деп тілеймін.