Біздің үйге аптасына бір рет қонақ келіп тұрады. Мен қонақ келер алдында əрқашан анама үстел жасауға көмектесемін. Тек үстел жасауға ғана емес, үйді жинастырып та қоямын. Бауырларымды далаға шығарып келемін. Есік алдын тазалап, сумен салқындатып қоямын. Ал қонақтар келген кезде, есік алдынан қарсы алып, үйге шақырамын. Оларға бөлмелерді көрсетіп, таныстырамын. Біздің үйге қонақ келген кезде мен өте қатты қуанамын. Өйткені олар маған əрқашан сыйлықтар алып келеді. Бір жағынан ата-анам да қуанып қалады.