Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлық алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.