Қымыз ежелден түркі тектес халықтардың ұлттық суысын ретінде белгілі. Тарихи аңыздарда адамды күнәсінен тазалау үшін боз биенің сүтіне шомылдырғандығын білеміз. Қымыз ру, тайпа аралық келісімдерде өзара ант беру кезінде ішілгендігін де аңғаруға болады.Қымызды күштілігіне қарай бірнеше топқа бөледі. Тай қымыз – бір күн сақталған қымызды айтатын болса, Құнан қымыз – екі-үш күн сақталған қымызды айтатын болған. Мұндай қымызды көбінде жастар ішетін болғандығы айтылады. Дөнен және бесті қымыздар деп сабада пісіліп, төрт-бес күн сақталған өте күшті қымызды атайды. Қымыз өндіруді дамытуға мемлекет тарапынан да аса көңіл бөлініп отырғандығы ұлттық сусынды насихаттаудағы зор қолдау болып отыр.