Қамбар батыр жырына шығарма керек еді.Срочно)

0 голосов
82 просмотров

Қамбар батыр жырына шығарма керек еді.Срочно)


Қазақ тiлi (14 баллов) | 82 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында «Қамбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы ақпар, мәліметтер болғандықтан, ол жағына біз тоқталмайық. 
Бізде күні бүгінге дейін дұрыс көңіл аударылып, анықталмай келген бір мәселе - «Қамбар батыр» эпосын қазақ халқы тарихындағы қай дәуір, қай кезеңге жанастыруымызға болады деген мәселе. Бұл айтуға оңай болса да, дәлелдей қою қиын. Әйтсе де шығарманың мазмұны суреттелетін оқиға, тартыстарға сүйене отырып, кейбір топшылаулар жасауға болмайды емес. 
Бүгінгі қазақ атанып отырған елдердің көптеген рулары ноғайлы, өзбек хандықтарының қарауында болғандығы, ноғайлы хандығының өзі сол рулардың құрамасы екендігі Қазақ ССР тарихында да, басқа тарихи еңбектерде әлдеқашан дәлелделініп, қорытылған пікір. Бұл мәселе жөнінде «Ер Тарғын» эпосымен байланысты толық айтылады. Бізше, «Қамбар» эпосы да сол ноғайлы дәуіріндегі қалмақ пен ноғайлылықтардың араларындағы қарым- қатынастардың негізінде туған эпос. Бірақ бұл ноғайлы хандықтарының өзара туыстарының қырсығынан әлсіреген, сондықтан қалмақ хандықтарының ноғайлыларды өзіне бағындырып алуға құдірет-күшіміз жетеді деген сенім туа бастаған кезді меңзейтін тәрізді. Эпоста екі елдің аттары аталады: ноғайлы және өзбек. Бірақ жырдың ұзын-ырғасын алып қарасақ, Әзімбай да, Қамбар да ноғайлылықтар екендігі аңғарылады. Алдымен Қамбар жайлы. «Қамбар батырдың» бас жағында-ақ: 
Қазақ емес, сарт емес, 
Қамбардың түбі ноғайлы - 
десе, Назымды Қамбарға беру туралы Алшыораздың сөзін қостаған ағасы Дараз: 

Осы екен істің мақұлы, 
Кекті болып кетпесін, 
Ноғайлының батыры. 
Азулымен өшіксең, 
Тигізер зиян ақыры, - 
дейді. 

(102 баллов)
0

Түк түсініксіз