Басни Крылова ** казахском

0 голосов
90 просмотров

Басни Крылова на казахском


Қазақ тiлi | 90 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қарға мен түлкі 

Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып
.Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.
Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға,
Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты Түлкі залым аралар ма!
Тістеген ірімшігін Түлкі көріп,
Аяғын ептеп басып жақын келіп:
«Уһ! - деді, - көретін де күн бар екен
,Жүруші ем сырттан асық болып өліп!
Тамаша қарағанға түрің қандай,
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!
Гауһардай қанаттарың жарқырайды
,Келісті қалай біткен және маңдай!
Көркемдік сипатыңнан табылғанда
,Даусың да болса керек шырын-балдай
!Көптен-ақ дабысыңды естісем де,
Болған соң келе алмадым жерім шалғай
.Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,
Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген.
«Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,
Арман жоқ жанда сені көріп өлген!
Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,
Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа.
Мен қайран: «Неғып патша қоймаған?» - деп
,Даусың да сипатындай болған шақта!
Нұрынды күн секілді көріп тұрмын
,Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.
Даусынды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып өліп тұрмын»
.Мәз болып, мақтағанға насаттанып,
Қайтпасын, деп ойлады, сағы сынып
.Алыстан арып-ашып іздеп келген
Байғұстың кетсін деді көңілі тынып
.Өтірік мақтағанға Қарға еріп,
«Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп
.Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсіп,
Жеп алып Түлкі кетті жортып-желіп.

 * * *
Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр,
Залымдық өтірік пен мүлкі боп жүр.
Солардың сұмдығына түсінбеген
Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр
.Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,
Далада кең сахара көшіп-қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып.
 

Перевод Ахмета Байтурсынова

(16.0k баллов)