Шығарма
Неліктен ормандарды жоюға болмайды?
Ормандарды жою - бұл қазіргі заманның ең маңызды мәселелерінің бірі.Өйткені,біздің әлемдегі ормандардың маңызы өте үлкен."Ормансыз жер жалаңаш,армансыз ер жалаңаш" демекші,адамзат ормандардың маңызын біле тұра,көп аумақтарды ормансызданады.Адамзат орманды не үшін жояды?Неліктен ормандарды жоюға болмайды?
Адамдар орманды ондағы ағаштардан құрылыс материалдарын,жиһаздарды,қағаз жасау үшін жояды.Немесе сол орман орнына ғимарат тұрғызу үшін де жойып жатады.
Ормандағы ағаштар жылына 100 метр куб оттегі шығарады екен.Ал 100 метр куб оттегі – бір жанұяның бір жылдық дем алуына жететін ауа.Ең біріншіден,орманды жойса, көмірқышқыл газының ауада көбеюіне алып келеді.Орманда неше түрлі тірі организмдер:жан-жануарлардан,құстардан бастап жәндіктерге дейін тіршілік етеді.Сондықтанда,орманды жою - ондағы тірі организмдердердің түрлерін жоғалтады.Ормандар жойылса сол аймақта құрғақшылық орын алып,адамдардың денсаулығына,айналаның ластануына әсер етеді.
Қортындылай келе,ормандар жалпы тіршіліктің ортақ байлығы болғандықтан,оларды жоюға,зақымдауға болмайды."Бір тал кессең - он тал ек" дегендей, керісінше орманға барғанда қалдық қалдырмауға,өртеп алмауға,барлық ережені мұқият орындауға тырысуымыз керек.