МЕНІҢ СҮЙІКТІ ТАҒАМЫМ
«Ас-адамның арқауы»,-дейді қазақ халқы.Адам болып қалыптасқаннан-ақ тамаққа баса назар аударған.
Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен сан түрлі салаттардың,десерттердің неше түрі шығып жатыр.Әрине,бұл менмін дейтін аспаздардың шығарылымы.
Ал,қазақ халқы ұлттық тағамға сонау бағзы заманнан,қазіргі таңға дейін неше түрлі өзгерістер енгізіп келеді.Иә,бәріміз білеміз,біздің ұлттық тағамымыз әлі күнге ұмытылмақ емес.Бешбармақ,қуырдық;ұлттық сусындарымыз-қымыз-қымыран,айран-сүт,шұбат тағы басқа.
Бұл тағамдардың бәріне біздің ата-бабамыз баса назар аударған.
Ал,менің сүйікті тағамым-ол анам әзірлеген тағам.❤