Менің болашақ үйім
Мен тыныштықты ұнатамын. Сондықтан мен тыныш аулада немесе қаланың шетінде тұратын боламын. Мен кішігірім,бірақ өте әдемі,жайлы үйде тұратын боламын . Қабырғаларда түрлі- түрлі картиналар ілініп тұрады. Өзімнің жеке кабинетім болады, ол жерде мен өзімнің жұмыстарымды істеймін. Залым үлкен болады, онда ашық түсті жиһаздар орналасады. Терезенің алдында бөлме гүлдері тұратын кішкентай жерім болады.