Перевод; Жүгіріп ойнап жүрген бала құлап қалады. Әжей жүгіріп барып, жерден топырақ алып «ұшық, ұшық», «туф» деп басынан айналдырып лақтырып тастайды. Бала: - Әже, бұл не, не істеп жатырсың? Әжей: — Иә, балам. Жерден киелі не бар? Туған жердің топырағы да ем ғой. «Жерұшық» беру, «топырақпен ұшықтау» - туған жерді қадірлеу - халқымыздың дәстүрі ғой. Ауруды күн батар алдында «жер ұшық» беріп, яғни жерге екі-үш рет жығып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды. Көз тигенде «сұқ-сұқ» деп, тіл тигенде «тіфә-тіфә» деп ұшықтайды.