Хеопс пирамидасы — дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі . Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу) көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3 - мыңжылдықтың 1 - жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған . Кезінде ежелгі мысырлықтар осынау алып кесене-пирамиданы “Хуфу көкжиегі” деп атаған . Хеопс пирамидасының табаны төрт бұрышты болып басталады да , жоғары қарай басқыш тәрізді көтеріліп , көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған . Ұшар басы сүйірленіп бітетін Хеопс пирамидасының архитектуралық құрылысына сәулетші Хемиун басшылық жасаған.