Туған жер. Атамекен.Отан-Ана. Осы бір құдіретті де қасиетті атауларды естігенде тұла бойдағы қанның екпіні еселеніп, еріксіз елжіреген күй кешемін. Өйткені өмірге келіп, ес жиғанда, ең алғаш тәй-тәйлап қадам басып,қаз тұрғанда табанымды тіреген тұрағым да, ғажайып мекен жұмағым да осы туған жерім еді.