Сән -киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уакытша үстемдік етуі. Ол әлеуметтік және экономикалық құбылыс. Адам қоғамның дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады. Себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшелінеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол- ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы ( болашаққа бағытталған)