Мақалдың ішінде 7 саны бар 10 мақал-мәтел керек

0 голосов
161 просмотров

Мақалдың ішінде 7 саны бар 10 мақал-мәтел керек


Қазақ тiлi (21 баллов) | 161 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті. 2. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас. 3. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі. 4. Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер. 5. Жігітке жеті өнер де аз. 6. Қарғыс жеті атаға жетеді. 7. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас. 8. Жетім бала жеті күлшеге тоймас. 9. Кедейдің жеті қаңтары бар. 10. Жетімге жеті бидай да тамақ. 11. Жетімнің қарны жетеу 12. Айла алтау, ақыл жетеу. 13. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. 14. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. 15. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. 16. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, Жетеумін деме, сегізге жолығасың. 17. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. 18. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 19. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады, Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады. 20. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.



(1.2k баллов)