Помогите жақсылардың жақсысы

0 голосов
197 просмотров

Помогите жақсылардың жақсысы


Қазақ тiлi (36 баллов) | 197 просмотров
0

Не істеу керек ?

Дан 1 ответ
0 голосов

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.  

Сонда әкесіне қызы:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.

Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:

- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ.


(190 баллов)