Комек керек шыгарып бериндерш 35 балл

0 голосов
125 просмотров

Комек керек шыгарып бериндерш 35 балл


image

Қазақ тiлi (12 баллов) | 125 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Денсаулық - зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.
Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. 
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. 

(578 баллов)
0

рахмет бирак уже кереги жок