Қазахстанның қызыл кітабына енген аңдар туралы хабарлама дайында (өзіңе ұнаған бір аңды...

0 голосов
354 просмотров

Қазахстанның қызыл кітабына енген аңдар туралы хабарлама дайында (өзіңе ұнаған бір аңды таңда) НА РИСУНКЕ: МЕДВЕДЬ,ОБЕЗЬЯНА,ЛЕВ,ЖИРАФ,ПТИЦА


Қазақ тiлi (74 баллов) | 354 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп – адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру.

Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.

(52 баллов)
0 голосов
Қызыл қасқыр –  қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Қызыл қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда қызыл қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Еліміздің жабайы табиғатында жойылып кеткен түр.