Сарайшық қаласы — ортағасырлық Қазақстан тарихында өзіндік ерекше орны бар қалаға жатады.Егерде еліміздің оңтүстік өңірі мен Жетісу өңіріндегі қалалық мәдениеттің көрінісін көптеген ортағасырлық үлкенді-кішілі қалалардан, қамалдардан, бекіністерден, елді-мекендерден көре алсақ, батыс өңірдегі қалалық — Сарайшық қаласы арқылы байқалады.Бұл — қаланың көп ерекшеліктерінің бірін құраса керек.Жалпы, ортағасырлық Сарайшық қаласы туралы тарихи дерек мәліметтері баршылық, зерттеу еңбектерінде бұл қала атауы жиі кездесіп отырады.Ал қаланың тарихына арналған арнайы зерттеу жоқ болатын.Сондай-ақ бұл мәлімет — Сарайшық қаласының тарихнамасында өзіндік орны бар еңбектер қатарына жататынына ешбір күмән жоқ