Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесіннегізінен үш ортадан көріп, біліп, түйісініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол- отбасы, қоршапжатқан орта және арнайы білім жүйесі.Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады.